Қазақстандық оқушылар робототехника бойынша 8 әлем чемпионатына қатысады

Кеше, 23:12 216

Алматыда өңірдегі ең ірі робототехника және дрондар чемпионаты – Almaty Tech Cup 2025 өтті. Соның нәтижесі бойынша отандық оқушылар робототехника бойынша 8 әлем чемпионатына қатысатын болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Үздік командалар Қазақстан атынан 2025 жылдың 16-19 сәуірінде Хьюстонда (АҚШ) өтетін әлем чемпионатына жолдама алды. Олар:
•FIRST Tech Challenge: PID, JelToqSun, SANA, Cristabol командалары;
•FIRST LEGO League Challenge: RassLexx және SKILLSET командалары;
•FIRST LEGO League Explore: Atlantis командасы.

Олар сондай-ақ жетекші әлемдік турнирлерге шақырту алды:
•FIRST Tech Challenge: PID, JelToqSun, SANA, Cristabol командалары;
•Zhylandy International Championship (Қазақстан) – xCellence командасы;
•New England Premier Event (АҚШ) – Bolt.m3 командасы;
•European Premier Event (Нидерланды) – MLP Prometheus командасы;
•Лондон (Ұлыбритания) – KIROSHI командасы.

Әкімдік атап өткендей, ең ірі робототехника және дрондар чемпионатында қатысушылар ақшалай сыйлықтар мен Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының гранттарын иеленді.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: