Қазақстандық оқушылар информатикадан халықаралық олимпиадаға аттанды

2 Қыркүйек, 22:43 401

Египетте 1-8 қыркүйек аралығында информатикадан IOI-2024 халықаралық олимпиадасы өтеді. Оған 90 елден 350 оқушы қатысады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан құрамасының қатарында:

Максим Цой – Алматы қ. РФММ 10 сынып оқушысы;

Ахмет Иса – С. Шаухаманов атындағы дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» Қызылорда облыстық лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;

Назар Серазитдинов – Алматы қаласындағы Haileybury Almaty мектебінің 11 сынып оқушысы;

Мансұр Таймас – Атырау облыстық №1 «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы.

Қатысушылар әрқайсысы 5 сағатқа созылатын екі турда бақ сынайды. Халықаралық жарыстарға дайындық үшін қазақстандық оқушылар бұған дейін жетекші университет базасында оқу-жаттығу жиындарынан өткен болатын. 

Зарина Арман
Бөлісу: