Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада 66 медаль иеленді

11 Ақпан 2023, 03:26 818

Зияткерлік додада отандастарымыз үздік екендерін дәлелдеді

ХІХ халықаралық Жәутіков олимпиадасында қазақстандық оқушылар 66 медальді жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Оның ішінде 6 алтын, 20 күміс және 40 қола медаль бар. Жеңімпаздар еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының атаулы сыйлықтары мен білім гранттарын иеленді.

26 елдің 281 командасы 10 күн бойы математика, физика және информатика пәні бойынша сынға түсті. Қазақстаннан құрамында 250 оқушысы бар 35 команда бақ сынады. Дәстүрлі халықаралық Жәутіков олимпиадасына Қазақстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Ресей, Грузия, Румыния, Сербия, Украина, Үндістан, Түркия, Ұлыбритания және басқа да елдердің физика-математика бағытындағы мамандандырылған мектептерінен жалпы 1200-ден аса оқушы қатысты.

Халықаралық Жәутіков олимпиадасы оқушылар арасында танымал бола түсті. Олимпиада кезінде қатысушылар күрделі математикалық есептерді шешеді. Мұндай зияткерлік конкурстар олардың білімін тереңдетіп қана қоймай, балаларды командада жұмыс істеуге, достық қарым ‒ қатынас орнатуға үйретеді, - деп атап өтті РФММ басқарма төрағасы Руслан Қалиев.

Жеңімпаздарға сыйлықтар мен білім беру гранттары қарастырылған.

EL.KZ
Бөлісу: