Қазақстандық оқушылар 6 миллионға дейін бір реттік төлем ала алады

Бүгiн, 13:17 470

Мәжіліс депутаттары білім және мәдениет мәселелері жөніндегі заң жобасына маңызды түзетулер әзірледі,деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл түзетулер халықаралық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздарына біржолғы төлем беру, жоғары оқу орындарының кейбір түлектерін грант өтеуден босату және грантты өтеуді кейінге қалдыру секілді мәселелерді қамтиды.

Жаңа заң жобасында жоғары оқу орнын мемлекет есебінен бітірген түлектерге қатысты маңызды өзгерістер қарастырылған:

Бұл бастаманы заң жобасын әзірлеуші депутат Асхат Аймағамбетов пен Ғылым және жоғары білім министрлігі қолдады.

Шетелдік жоғары оқу орындарына резидентураға, магистратураға, аспирантураға немесе докторантураға түскендердің грантты өтеу мерзімі кейінге қалдырылады. Мысалы магистратурада екі жыл оқыған түлек үшін грантты өтеу мерзімі осы кезеңге сәйкес ұзартылмақ.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың дарынды балаларды қолдау жөніндегі бастамасын жүзеге асыру мақсатында Мәжіліс депутаттары халықаралық ғылыми жоба байқауларының жеңімпаздарына біржолғы төлем енгізуді ұсынды:

Депутат Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, бұл нормалар дарынды жастарды қолдау және олардың дамуына жаңа мүмкіндіктер ашу мақсатында қабылданып отыр. Спорт саласындағы олимпиада жеңімпаздарына берілетін сыйақылар секілді, ғылыми жобалар жеңімпаздарына да лайықты қолдау көрсетілуі тиіс.

Жаңа заң жобасы білім беру саласындағы әлеуметтік әділдікті арттыруға және Қазақстанның дарынды жастар қауымын қолдауға бағытталған. Бұл бастамалар жастардың білімін шыңдауына және халықаралық деңгейдегі ғылыми жетістіктерге жетуіне жол ашады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: