Қазақстандық мергендер Финляндияда 7 медаль жеңіп алды

12 Маусым, 01:33 549

Нысана көздеуден Қазақстан командасы Финляндияның Инкоо қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінде жеті медаль жеңіп алды. Бұл туралы Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Спортшылар жылжымалы нысана көздеуден үздік нәтиже тіркеді. 

Олар: 

- Зухра Ирназарова – алтын мен күміс

- Фатима Ирназарова – күміс пен қола

- Александра Сәдуақасова – алтын мен қола

- Асадбек Нәзірқұлов  - алтын.

Перизат Саденова
Бөлісу: