Қазақстандық мергендер Азия кубогын алты алтынмен аяқтады

1 Қазан, 13:43 591

Алматы облысында өтіп жатқан стенд атудан Азия кубогі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҰОК мәліметінше, додада Қазақстан командасы алты алтын және бес қола медаль еншіледі. Оның ішінде Әсем Орынбай, Эдуард Ещенко, Никита Моисеев (жасөспірімдер арасында), сонымен бірге әйелдер, ерлер және аралас командалар (скит) топ жарды. 

Ал күміс жүлдені Алишер Айсалбаев, трап және дубль-траптан ерлер командасы жеңіп алды.

Үшінші орынға Марк Почивалов (трап), Давид Почивалов (скит), Айжан Досмағамбетова, Владлен Калимулин және әйелдер командасы (трап) табан тіреді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: