Қазақстандық мерген Александр Ле Олимпиада ойындарының финалына шықты

28 Шілде, 13:33 1009

Күні кеше пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеуден жұптық кездесуде қола алған мергенші қызымыз Александра Ле бүгін жекелей сында финалға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша отандасымыз алтыншы орынға жайғасты. Алдын ала кезеңнің қорытындысы бойынша ең үздік деп танылған сегіз спортшы финалға өтті. Ал Арина Алтухова 17-ші орыннан көрінді.

Ертең 29 шілдеде медальдар сарапқа салынатын болады.

Айта кетейік, бір күн бұрын аралас командалар арасындағы жарыста Александра Ле Ислам Сәтбаевпен бірге үшінші орын алған болатын.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: