Қазақстандық каратэші Fujairah Open турнирінің жеңімпазы атанды

Кеше, 14:49 362

БАӘ-нің Фуджейра қаласында өтіп жатқан каратэден жастар арасындағы А сериясындағы жарыста Қазақстан командасының жүлде саны үшеуге жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жарыстың 2-күні кумите бағдарламасында Дінмұхаммед Айдарбек 16-17 жас санатында 55 кг дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірген жоқ. Ол татамиде 6 жекпе-жек өткізді. Алғашқы кезеңде Мальта, сосын АҚШ өкілін айқын басымдықпен ұтты. Топтық кезеңде тағы 2 қазақ спортшысынан, кейін йорданиялықтан айласын асырды. Финалда өзбек каратэшісін ұтты.

Сондай-ақ Гүлнұр Қойшыбай (U16-17) 59 кг дейінгі салмақта чехиялық қарсыласын ұтып, қола жүлдеге ие болды. 

Қазір Қазақстан командасында жүлде саны үшеуге жетті. Кеше Ақниет Шеризат U21 санатында (55 кг) қола жүлдеге қол жеткізген.

Фуджейрадағы бұл жарыс ертең аяқталады. Барлығы осы жылы 87 мемлекеттен 2400-ге жуық спортшы қатысуда.

Перизат Саденова
Бөлісу: