Қазақстандық хоккейші қыздар әлем чемпионатын сәтті бастады

8 Сәуір, 02:05 857

Қазақстан құрамасы Андорраның Канильо қаласында басталған шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионатының II дивизионын жеңіспен бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, А тобындағы алғашқы матчта мексикалық ойыншылар отандастарымызға төтеп бере алған жоқ. Матч 4-2 есебімен ұлттық құраманың пайдасына аяқталды.

Қазақстандық хоккейші қыздар арасында Пернеш Әшімова, Дария Молдабай, Анастасия Оразбаева мен Мунира Саяхатқызы мергендік танытты.

Айта кетейік, 8 сәуірде Қазақстан құрамасы Қытайдың Тайбэйімен (Астана уақытымен 16:00) мұз айдынына шығады.

Перизат Саденова
Бөлісу: