Қазақстандық футболшылардың бағасы көтерілді

14 Қаңтар, 22:23 1057

Бұған дейін Магомед Мұсаевтың командасы маусымның қорытындысы бойынша әлемнің үздік 100 командасының қатарына енді, ал ұлттық құраманың Еуро-2024 іріктеу ойындарында сәтті өнер көрсетуі ойыншыларға өз бағасын өзгертуге мүмкіндік берді, деп хабарлайды деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Мәселен, соңғы жаңартуда қазақстандық «Зениттің» қорғаушысы Нұралы Әліптің бағасы 2 миллион еуродан 3 миллион еуроға көтерілсе, соңғы бір жылда қорғаушы көшбасшы 1,8 миллионға қымбаттаған.

Ал ұлттық құраманың бірнеше маусымдағы ең қымбат ойыншысы Бахтиёр Зайнутдинов болды. Еуро-2024 іріктеу кезеңінде соңғы матчтарды өткізіп алған Қазақстан құрамасының негізгі ойыншысы 500 мың еуроға арзандады. Рас, оның да жақсы жағы бар, өйткені ол маусымды 5 миллион еуромен бастап, 6 миллион еуромен аяқтады.

Бағасы бойынша үздік 11 қазақстандық ойыншы:

*Бахтиёр Зайнутдинов (Бешикташ, Түркия) – Еуро-2024 іріктеу кезеңінің басында 5 миллион еуро, ал іріктеу соңында – 6 миллион еуро;

* Нұралы Әліп («Зенит», Ресей) – 1,2 млн еуро – 3 млн еуро;

* Александр Зуев (BMI, Сербия) – 1 млн еуро – 900 мың еуро;

* Максим Самородов («Ақтөбе») – 450 мың еуро – 900 мың еуро;

* Асхат Тағыберген («Ордабасы») – 750 мың еуро – 900 мың еуро;

* Абат Айымбетов (Астана) – 800 мың еуро (өзгеріссіз);

* Темірлан Ерланов («Ордабасы») – 600 мың еуро – 700 мың еуро;

* Марат Быстров (Ахмат, Ресей) – 1 миллион еуро – 700 мың еуро;

* Сергей Малый (Ордабасы) – 750 мың еуро – 600 мың еуро;

* Әлібек Қасым (Ақтөбе) – 550 мың еуро – 600 мың еуро;

* Игорь Шацкий («Шахтер») – 600 мың еуро (өзгеріссіз).

Бір айта кетерлігі, ұлттық құраманың негізгі сапындағы ойыншылардың көпшілігі жыл санап құнын арттырды. Алғашқы іріктеу матчтарына дейін құраманың жалпы құны 19 миллион еуроға бағаланса, қазір команданың бағасы 21,63 миллион еуроға дейін көтерілді.

Баян Әжмұхан
Бөлісу: