Қазақстандық футболшыға операция жасалды

8 Қыркүйек 2023, 05:23 936

Қазақстандық футболшы, «Ордабасы» клубының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламханға операция жасалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы «Ордабасы» клубының баспасөз қызметінің мәлімдеді. Операция Мюнхенде (Германия) жасалған.

Оқи отырыңыз:

Клуб мәліметінше, футболшының оң аяқ тізесінің менискалары мен байламдарына жасалған ота сәтті өткен.

Ол енді хаттамаға сәйкес ем-домын алады. Бауыржанға тезірек қалпына келіп, қатарға қосылуын тілейміз, - делінген мәліметте.

Перизат Саденова
Бөлісу: