Қазақстандық фермерлерге 108,8 млрд теңге субсидия төленді

22 Маусым 2023, 16:00 941

Қазақстандық фермерлер субсидия алу үшін 77 872 өтінім берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Субсидиялау қағидаларына сәйкес 34 911 өтінім бойынша қолдау көрсетуден бас тартылды. Бүгінгі таңда жүйеде 50 525 пайдаланушы тіркелген.

«60,3 млрд теңгеге 21 448 өтінім мақұлданып, «күту парағына» қойылды. Бұл өтінімдер жүйемен толық өңделіп, облыстық ауыл шаруашылығы басқармалары СБМА-нің қатысуынсыз толық көлемде төленіп жатыр. Бүгінде 48,5 млрд теңге төленді.

Бұл сомадан басқа мемлекеттік жүйе арқылы фермерлерге 2022 жыл үшін субсидиялар бойынша 28,4 млрд теңгеге қарыз төленді.

Қолданыстағы пайыздық мөлшерлемені субсидиялау шарттары бойынша бүгінгі күні 36,7 млрд теңгеге өтінімдер мақұлданып, 31,6 млрд теңге төленді. Нәтижесінде СБМАЖ жүйесі арқылы барлығы 108,8 млрд теңге төленді», - деп жазды АШМ-нан.

Пайыздық мөлшерлемені субсидиялаудың жаңа ұсыныстары бойынша 2 581 өтінім (49,1 млрд теңге) берілді, қазіргі уақытта қаржы институттары 129-ын мақұлдады, АШБ 331 өтінімді (8,3 млрд теңге) мақұлдап, резервке жіберді.

Осылайша, бірыңғай резервте 45,8 млрд теңгеге 2 206 өтінім мөлшерінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау жөніндегі ұсыныстар Ауыл шаруашылығы басқармаларына жеткізілді. Ережеге сәйкес, бұл ұсыныстар қаражат қолжетімді болған кезде келісім-шарттармен бекітіледі.

Айта кетейік, елімізде фермерлік жылыжайлардың электр және газ шығындары субсидиялау арқылы өтелетіні туралы жазған болатынбыз.

Равиль Ашығали
Бөлісу: