Қазақстандық дзюдошылар Grand Slam турнирін аяқтады

12 Мамыр, 15:52 630

Қазақстандық дзюдошылар Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінде финалға өте алмады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

12 мамыр – жарыстың соңғы күнінде жүлделер бес салмақ дәрежесінде салынды: үш – ерлер және екі – әйелдер. Алайда отандық спортшылар үздіктер қатарына іліге алмады.

Спортшыларымыздың барлығы жарыстың алғашқы кезеңдерінде-ақ жеңіліс тапты.

Осылайша, Қазақстан құрамасы бұл турнирді төрт медальмен аяқтады: Ғалия Тынбаева жеңімпаз атанса, Елдос Сметов (-60 кг), Бақытжан Әбдірахманов (-73 кг) пен Абылайхан Жұбаназар (-81 кг) үздік үштіктен көрінді.

Айта кетейік, әйелдер арасында 48 келі салмақта өнер көрсеткен Ғалия финалда ресейлік Сабина Гилиязованы жеңді. 

Осылайша, Ғалия Тынбаева қазақ қыздары арасында тұңғыш рет Grand Slam  додасының алтынын алып отыр. 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: