Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогында алтын мен күмісті бөліп алды

Бүгiн, 12:15 163

22-23 ақпан күндері Польша астанасы Варшавада өтіп жатқан European Open турнирінде қазақстандық спортшылар 1 алтын және 1 күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

60 келі салмақтағы финалда қос қазақ дзюдошысы – Шерзод Давлатов пен Бақытжан Аман – өзара жүлде үшін белдесіп, жеңіс Шерзодтың еншісінде қалды.

Аталмыш жарыста 45 елден келген 551 спортшы бақ сынауда.

Перизат Саденова
Бөлісу: