Қазақстандық дзюдошылар Австриядағы Гран-приде жүлдесіз қалды

12 Наурыз, 12:34 580

Австрияның Линц қаласында дзюдодан Гран-при турнирі аяқталды. Өкінішке қарай, Қазақстан командасы медальсіз қалды, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ҰОК мәліметінше, қазақстандық спортшылар арасынан Қанат Сейілхан ғана жоғары нәтиже көрсетті. Ол 60 келі салмақта бесінші орынға табан тіреді. 

Қола медаль үшін өткен күресте Қанат Дильшот Халматовтан ұтылды. 

Командалық есепте Қазақстан құрамасы 30-орында қалды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: