Қазақстандық дзюдошылар әлем чемпионатынан жүлдемен оралды

28 Тамыз 2023, 13:15 766

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Загребте өткен әлем чемпионатында топ жарды. Дүбірлі додадан спортшыларымыз елге жүлделі оралды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Аталған жарыста жерлесіміз Нұрлан Исатаев  55 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Ол, алғашқы белдесуінде Түркіменстан балуанын ваза аримен тізе бүктіріп, екінші белдесуінде Армения балуанынан басым түсті. Ақтық кезеңде грузиялық Мераби Самадашвилимен кездесіп, қосымша уақытта қарсыласынан айласын асырды.

Жарыс жоғары деңгейде өтті. Финалдық кезең мен үшін өте қиынға соқты. Жеңіске жеткенім үшін және қазақ еліне алтын жүлде сыйлағаным үшін өте қуаныштымын.Бізді осындай сән-cалтанатымен жоғары деңгейде күтіп алып жатқан жандарға рақметімді айтамын, - деді Нұрлан Исатаев.

Одан бөлек, дзюдошыларымыз Сабина Юлдашева күміс жүлдеге, ал Оралбек Байзақ, Досбол Балғабай және Берікбол Жұманбеков қола жүлдеге иеленді.

Жарыс қортындысы бойынша, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жалпы командалық есепте медаль кестесінде 64 ел ішінде үздік бестіктен көрінді.

 

Равиль Ашығали
Бөлісу: