Қазақстандық дзюдошы ТМД Ойындарында күміс медальға ие болды

6 Тамыз 2023, 16:27 1118
Қазақстандық дзюдошы Қанат Нұркелді ТМД елдерінің IІ ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҚР дзюдо федерациясына сілтеме жасап. 

60 келіде күрескен ол Белоруссияда өтіп жатқан ТМД елдерінің II ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлдені қоржынға салды.

Финалдық жүлде үшін белдесуде отандасымыз ресейлік спортшыдан айласын асыра алмады. Ал финалдық кезеңге дейінгі кездесулерде ресейлік және өзбекстандық қарсыластарынан басым түсті.

Айта кетерлігі, дзюдодан ТМД елдерінің II ойындары 7 тамыз күні аяқталмақ.  
Асқар Таудай
Бөлісу: