Қазақстандық десантшы-жауынгер әлем чемпионы атанды

25 Тамыз, 11:12 758

Қазақстандық десантшы-жауынгер гір тасын көтеру спортынан әлем чемпионатында алтынға ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Қырғызстанда гір тасын көтеру спорты бойынша өткен әлем біріншілігінде 18404 десанттық-шабуылдау әскери бөлімінің әскери қызметшісі кіші сержант Ержан Төлеубаев чемпион атанды.

Жасөспірімдер, жастар, ересектер мен ардагерлер арасындағы әлем чемпионаты Шолпаната қаласында өтіп жатыр. Оған әлемнің 13 елінен 350-ден астам спортшы  бақ сынады.

Ержан Төлеубаев 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті. Ал екінші орынға Ресей елінің өкілі иеленсе, үшінші орынға Өзбекстаннан келген спортшы табан тіреді, - делінген мәліметте.

Бұл спортшының осы деңгейдегі жарыстарда олжалаған екінші алтыны екенін айта кеткен жөн.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: