Қазақстандық депутаттар АҚШ-тың заңнамалық жүйесімен танысты

13 Сәуір, 17:38 1109

Парламент Мәжілісі мен Сенат депутаттарының делегациясы «Ашық әлем» серіктестік бағдарламасы бойынша өзара іс-қимыл шеңберінде АҚШ-қа сапармен барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

СІМ мәліметінше, Вашингтонда депутаттар Динара Наумова, Никита Шаталов, Руслан Берденов, Ерболат Сатыбалдин және сенатор Евгений Больгерт құрған қазақстандық делегация АҚШ заңнамалық жүйесі қызметінің ерекшеліктерімен, америкалық федерализм тетіктерімен, сондай-ақ Конгрестің ғылыми-зерттеу қызметінің рөлімен танысты.

Конгресмен Джимми Панетта, Том Суоззи және Дэрин ЛаХудпен, сондай-ақ АҚШ Сенатының қызметкерлерімен кездесулер барысында ҚР үшін басым мәселелер талқыланды. Мемлекет басшысының демократиялық күн тәртібін заңнамалық тұрғыдан ілгерілетуге ерекше назар аударылды, - делінген мәліметте.

АҚШ заң шығарушылары қазақстандық әріптестерін Конгресс жұмысы туралы хабардар етті және елдер арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі күш-жігерге одан әрі жәрдемдесуге дайындығын білдірді.

Вашингтонда болу бағдарламасы Конгресс ғимаратында ресми қабылдаумен аяқталып, оның шеңберінде Қазақстан, Армения және Грузия делегаттарына ұйымның атқарушы директоры Джейн Саргус, Конгресмендер Роберт Адерхольт және Фрэнк Пэллоне, сондай-ақ аталған елдердің елшілері құттықтау сөз сөйледі.

Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Ашықбаев бағдарлама басшылығына іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыс айтып, екі мемлекеттің заң шығарушы органдары арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті. АҚШ-тағы қазақстандық делегацияның бағдарламасы Алабама штатының Бирмингем қаласында жалғасады.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: