Қазақстандық делегация ТМД волонтерлерінің халықаралық форумына қатысады

2 Тамыз, 18:37 598

Қырғызстан Республикасының Ыстықкөл облысында ТМД мемлекеттер волонтерлерінің Халықаралық форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шолпан-Ата қаласында Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Ресей, Түркіменстан және Өзбекстаннан 120-дан астам қатысушы жиналды.

Бұл – ТМД елдерінің волонтерлік ұйымдары арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған волонтерлік қызмет саласындағы тәжірибе мен білім алмасуға арналған бірегей алаң, – деп атап өтті ҚР волонтерлерінің Ұлттық фронт-кеңсесі басшысы Айбек Досымбетов.

Естеріңізге сала кетейік, ТМД Мемлекет басшылары Кеңесінің шешімімен «2024 жыл – волонтерлер қозғалысы жылы» болып жарияланды. Бір жыл ішінде аталған елдерде жүзден астам акция, кездесу, конференция, зерттеу және т. б. іс-шаралар жоспарланған.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: