Қазақстандық боксшылар Ташкенттегі әлем чемпионатын сәтті бастады

1 Мамыр 2023, 22:11 2648

Ташкентте бокстан ерлер арасында әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлемдік аламанға алғаш рет қатысып отырған Талғат Сырымбетов 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде тай боксшысы Сакдой Руамтхаммен жұдырықтасты. Тартысты жекпе-жекте былғары қолғап шеберіміз жеңіске жетті.

Ал шаршы алаңға екінші болып шыққан Айбек Оралбай 92 келіге дейінгі салмақта Болгария боксшысы Радослав Панталеевпен қолғап түйістірді. Қазақтан шыққан Азия чемпионы қарсыласын еш қиындықсыз жеңді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от EL.KZ (@el.kz)

Қазақстан құрамасы бұл додаға 13 салмақта боксшы апарды.

Өзбекстан астанасына аттанған қазақстандық боксшылар:

48 келі: Санжар Тәшкенбай

51 келі: Сәкен Бибосынов

54 келі: Махмұд Сабырхан

57 келі: Серік Теміржанов

60 келі: Талғат Сырымбетов

63,5 келіг: Санатәлі Төлтаев

67келі: Дулат Бекбауов

71 келі: Асланбек Шымбергенов

75 келі: Нұрқанат Райыс

80 келі: Нұрбек Оралбай

86 келі: Сағындық Тоғамбай

92 келі: Айбек Оралбай

+ 92 келі: Қамшыбек Қонқабаев.

Бұған дейін қазақстандық боксшылардың қарсыластары туралы жазғанбыз

Жарыс 1-14 мамыр аралығында өтеді.

Әлемдік біріншілікте 104 елден 600 аса былғары қолғап шебері бақ сынауда.

Перизат Саденова
Бөлісу: