Бокстан Қазақстанның әйелдер құрамасы Әлем кубогы кезеңіне қатысады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінде қыздарымыз Алматы облысындағы оқу-жаттығу жиындарына қатысып жатыр. Солардың арасынан үшеуі World Boxing-тің Бразилияда өтетін Әлем кубогы кезеңінде бақ сынайды.
Олар:
Жазира Орақбаева (51 кг),
Анита Адишева (54 кг)
Ұлжан Сәрсенбек (57 кг).
Турнир 31 наурыз бен 5 сәуір аралығында өтеді.