Қазақстандық боксшы Қуат Хамитовтің сынына жауап берді

12 Сәуір 2023, 18:25 694

Қазақстандық боксшы Балауса Мұздыман ММА өкілі Қуат Хамитовтің қазақстандық футболшыларға айтатын сынына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Хамитовтің отандық футболды жиі сынайтыны белгілі. Аралас жекпе-жек шеберінің ойынша, футболшыларға төленетін қаражат тым жоғары. 

Тілші боксшы бойжеткеннен «Қуат Хамитовтің футболшыларға бөлінетін қаражатқа қатысты ойымен келісесіз бе? Футболшылардың боксшылардан көбірек табыс табатынына ренжімейсіз бе?» деп сұраған.

«Футбол – әлемдегі ең танымал спорт. Жалақасы жоғары спорт түрі. Сондықтан қазақстандық футболшылардың табысының жоғары болуы заңды. Спорт түрінің танымалдылығы артқан сайын ондағы табыс та өсетіні сөзсіз. Қуат Хамитовке ақша жетпей жатса, ол оның жеке мәселесі», – деп жауап берді Мұздыман.

EL.KZ
Бөлісу: