Қазақстандық боксшы елорда төрінде жеңілді

1 Наурыз, 15:07 548

Кәсіпқой бокстан екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (23-1, 17 КО) кезекті жекпе-жегін Астанада өткізіп, техникалық нокаутпен жеңілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Отандасымыз Астанада өткен жекпе-жек кешінде польшалық Мацей Сулецкимен (32-3, 12КО) жұдырықтасты. Кездесу 10 раундқа жоспарланған болатын, бірақ соңына дейін жетпеді. Сулецки оныншы раундта күтпеген жерден нокаутпен жеңді.

Айта кетейік, бұл жекпе-жекте Ахмедов айқын фаворит саналған болатын. Өкінішке қарай, қағаздағы фаворит іс жүзінде өз мықтылығын дәлелдей алмады. Ол нокауттан бұрын төрт рет нокдаун алды: бірінші раундта екі рет және бесінші және оныншыда бір рет нокдаунға түсті. 

Төртінші нокдауннан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты.

Осылайша, Мачей Сулецки кәсіпқой рингтегі 33-ші жекпе-жегін жеңіп, WBC Silver чемпиондық белбеуінің иегері атанса, Әли Ахмедов кәсіпқой мансабындағы екінші жеңілісіне ұшырады.

Бұған дейін Әли Ахмедов соңғы жекпе-жегін 17 қаңтар күні АҚШ-та өткізіп, америкалық боксшы Малколм Джонсты екінші раундта жеңген болатын.

Перизат Саденова
Бөлісу: