Қазақстандық «Бауырына салу» фильмі Оскарға ұсынылды

26 Қыркүйек, 20:31 344

Режиссер Асхат Кучинчирековтың «Бауырына салу» фильмі Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен түсірілген, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Фильм жақында «Тұлпар» ұлттық сыйлығын иеленді және Оскар комитетіне «International Feature Film» номинациясы бойынша Қазақстаннан ұсынылып отыр.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, Америка академиясының дауыс беруі үш кезеңде өтеді. 9-13 желтоқсан аралығында академиктер шортлист жасақтайды, ол 17 желтоқсанда жарияланады. Дауыс беру 2025 жылдың 8-12 қаңтары аралығында өтеді. Оның қорытындысы бойынша 17 қаңтарда барлық санаттағы номинанттар белгілі болады. Үшінші, соңғы кезең 11-18 ақпан аралығында өтеді.

Жеңімпаздардың есімі 2025 жылдың 2 наурызында Лос-Анджелесте конверттерді ашу салтанатында жарияланады. Егер фильм номинант ретінде ұсынылса, режиссер шақырту алады. «International Feature Film» санатындағы мүсіншеде мемлекет пен фильмнің атауы және режиссердің есімі көрсетіледі, - делінген ақпаратта.

Зарина Арман
Бөлісу: