Қазақстандық балуандар лицензиялық турнирде сәтсіз өнер көрсетті

13 Мамыр, 09:44 623

Түркияда өткен соңғы әлемдік лицензиялық турнирге қатысқан Қазақстан құрамасы сәтсіз өнер көрсетіп, бірде-бір жолдама иелене алмады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайрат Сағадиев баптайтын әйелдер құрамасы алғаш рет олимпиада ойындарынан тыс қалып отыр. Ал грек-рим күресінен 67 келіде сынға түскен Дінмұхамед Қошқарда жолдама алуға жақсы мүмкіндік болды. Ол үшінші спортшыға берілетін лицензиялық белдесуде египеттік балуаннан жеңіліс тапты.

Еркін күрестен 57 келідегі Рахат Қалжан мен 74 келідегі Нұрқожа Қайпанов та қола жүлде үшін белдесуде ұтылып, жолдамаға таласу мүмкіндігінен қағылды.

Осылайша Қазақстан құрамасы Түркиядағы турнирден лицензиясыз қайтты.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: