Түркияның Ыстанбұл қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатының (U17) соңғы күнінде еркін күрес балуандары сынға түсіп, Қазақстан құрамасы 1 күміс және 2 қола жүлде алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
71 келідегі Нұрдәулет Сейілбеков пен 92 келі салмақтағы Самир Дурсунов қола медаль үшін болған таласта үнді балуандарынан басым түсіп, әлем чемпионатының жүлдегері атанды.
Бұл жолғы әлем чемпионатын еркін күрестен 1 күміс және 2 қола жүлдемен қорытындылады. Өкіншке орай, грек-рим және әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы жүлдеге іліге алмады.