Қазақстандық балуандар Албаниядағы турнирде үш медаль жеңіп алды

Бүгiн, 13:21 158

Тиранада (Албания) күрестен халықаралық рейтингтік турнир басталды. Бірінші күні қазақстандық еркін күрес шеберлері үш жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

86 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Болат Сақаев күміс жүлдегер атанды. Финалда ол америкалық Чендлер Марстеллерге жол берді.

Ал Мұхаммед Балғабай (61 келі) мен Рустам Мырзағалиев (86 келі) қола жүлде иегері атанды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: