Қазақстандық балуан жауапты қызметке тағайындалды

5 Қаңтар, 15:10 503

Еркін күрестен Азия ойындарының күміс жүлдегері Расул Қалиев жауапты қызметке кірісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұзақ жылдар бойы ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен балуан бапкер болып жүрді. Бұдан былай ол Алматы қаласы бойынша күрес федерациясының еркін күрес бөліміне жауапты болып бекітіліп отыр.

Расул Қалиев 1991 жылы қазіргі Абай облысының Жарма ауданында дүниеге келген. Ол 2013 жылы 55 келіде Азия біріншілігінде қола жүлде еншіледі. Ал 2014 жылы Астанада Азия чемпион атанып, сол жылы Оңтүстік Кореяда өткен Азия ойындарынан күміс медальмен оралды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: