Қазақстандық балуан Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды

30 Наурыз, 22:13 430

Қазақстан құрамасының спортшысы Болат Сақаев (86 келіге дейін) Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында жеңіліс тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақтық сында отандасымыз Иран спортшысы Абольфазл Рахманиге 11:4 есебімен есе жіберді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында үш медаль бар. Бұған дейін Нұрқожа Қайпанов (74 келіге дейін) алтыннан алқа таққан болатын. Сондай-ақ, Ризабек Айтмұхан (97 келіге дейін) екінші орын алса, Рахат Қалжан (57 келіге дейін) қола медаль иеленген еді.

Асқар Таудай
Бөлісу: