Қазақстандық балуан әлем чемпионатында топ жарды

2 Желтоқсан 2023, 14:37 886

Қазақстандық Аманғали Бекболатов грек-рим күресінен әскерилер арасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

55 келіде бақ сынайтын жерлесіміз әскерилер арасындағы әлем біріншілігінің финалында ирандық қарсыласын жеңді.

Бекболатов – бұл әлем чемпионатында топ жарған үшінші қазақстандық. Бұған дейінгі жылдары грек-рим күресінің шебері Бағлан Жақанша (2013, 60 кг) мен еркін күрес балуаны Ғалымжан Өсербаев (2014, 74 кг) үздік шыққан. 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: