Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды

7 Ақпан, 15:00 655

Өзбекстан астанасы Ташкенттегі өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында ерлер арасында 81 келіге дейінгі салмақта екі зілтеміршіміз өнер көрсетіп, Александр Уваров күміс медаль иеленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ханчжоу-2022 Азия ойындарының қола жүлдегері жұлқа көтеруде 153 кг, серпе көтеруде 190 кг бағындырып, қоссайыс қорытындысында 343 кг көрсеткішпен 2-орын иеленді.

Әлібек Рақымберді 7-орынмен шектелді.

Ерлер. 81 кг

1-орын – Ри Чонг Сонг 369 кг (169+200)

2-орын – Александр Уваров 343 кг (153+190)

3-орын – Гайгысыз Тораев 337 кг (148+189)

...7-орын – Әлібек Рақымберді 298 кг (130+168).

Мадина Асылбекова
Бөлісу: