Қазақстандық әлемнің үздік шахматшысын ұтты

13 Қазан 2023, 09:12 968

23 жастағы Әлішер Сүлейменов әлемнің үздік шахматшысы Магнус Карлсенді жеңді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл кездесу Дохадағы Qatar Masters Open турнирінің екінші турында өтті.

Дәл қазір қандай сезімді бастан кешіретініме қатысты жауап бере алмаймын. Мұның шындық екеніне әлі де сене алар емеспін. Ойын алдында тең есеп те ғажайып көрсеткіш деп ойлағанмын, бапкерім де соны айтқан, - деді Сүлейменов.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: