Қазақстандық алаяқ Латвиядан экстрадицияланды

23 Қараша 2023, 10:09 872

Бүгін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Бас прокуратураның және ІІМ Интерпол қызметкерлерімен қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін алаяқтық жасағаны үшін Латвия Республикасынан Қазақстанның азаматы экстрадицияланды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

2016 жылы күдікті, адам тобымен бірлесіп жәбірленушіге өздеріне тиесілі емес пәтерді сатқан. Сөйтіп сатып алушыға 12 млн. теңге көлемінде залал келтірген.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған. Кейіннен ол Латвия аумағында ұсталды.

Қазіргі таңда ол Астананың тергеу изоляторына қамалды.

Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеумен 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: