Қазақстандық актриса тұрмысқа шығады

22 Қаңтар 2024, 14:51 2177

Қазақстандық актриса, «Алаяқтар» сериалының жұлдызы Фариза Ескермес тұрмысқа шығады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінде сүйіктісімен Мальдив аралдарында демалып жүрген Фариза қуанышты жаңалығын әлеуметтік желіде бөлісті.

Өнер иесі гауһар тасы бар сақинасын көрсетіп, жігітінің ұсынысына келісімін бергенін жазды.

Әлемдегі ең мейірімді, керемет жанның ұсынысын қабыл алдым. Бұл кешті өмір бойы есімде сақтап өтемін. Арал, Үнді мұхиты, ерекше аспан, сүйікті адамым, өте дәмді кешкі ас пен жаңа гауһар, - деп жазды Фариза Ескермес.

Сонымен қатар Фариза жігітінің өзге ұлт өкілі екеніне қатысты да әзілдеді.

Мына орыс маған үйлену туралы ұсыныс жасады, - деді ол. 

Бұған дейін отандық әнші Ерке Есмаханның да Мальдив аралдарында демалып жүргені туралы жазғанбыз

Мадина Асылбекова
Бөлісу: