12 маусымда Times Higher Education жоғары білім саласындағы халықаралық рейтинг агенттігі Impact ranking 2025 БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу рейтингісінің жаңа шығарылымын жариялады, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Бұл рейтинг алтыншы жыл қатарынан жасалуда және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі прогресті көрсетеді.
Рейтингке әлемнің 125 елінен 2152 университет кірді. Әлемдік көшбасшылар – ГФР жоғары оқу орындары. Ең көп ұсынылғандары – Үндістан, Түркия және Пәкістан университеттері.
Қазақстан рейтингте 26 жоғары оқу орнымен ұсынылған, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 3 есе көп (10 жоғары оқу орны).
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті топ-700 (401-600 орын) позициясына көтерілді. Сондай-ақ рейтингке 6 ұлттық ЖОО, 10 мемлекеттік және 9 жеке ЖОО кірді.
Жаңа талдауда деректер континенттер, елдер және университеттер бойынша салыстырылды. Қазақстандық жоғары оқу орындары білім сапасы, гендерлік теңдік және ТДМ мүдделеріндегі әріптестік сияқты негізгі индикаторлар бойынша рейтингке енген.