Қазақстандық 18 жасар теннисші "Ролан Гаррос" турнирінде екінші кезеңге өте алмады

3 Маусым, 06:29 915

Қазақстандық теннисші Асылжан Арыстанбекова жасөспірімдер арасындағы "Ролан Гаррос" турнирінде жекелей сында өнер көрсетті, деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

18 жастағы теннисші бірінші айналымда Чехия өкілі Элиска Тихатсковамен кездесіп, одан екі сетте ұтылды. Есеп: 4:6, 5:7. Матч 1 сағат 25 минутқа созылды. Осылайша отандасымыз Франция ашық чемпионатының екінші кезеңіне өте алмады.

Айта кетейік, WTA рейтингінде Асылжан Арыстанбекова қазіргі уақытта жекелей сында 1302-ші орында, ал ITF жасөспірімдер рейтингінде 40-шы орында тұр.

Зарина Арман
Бөлісу: