Қазақстанды аралағысы келетін туристер үшін жаңа жоба іске қосылды

26 Қыркүйек, 14:51 382

TikTok-тың арқасында Қазақстандағы пайдаланушылар өздерінің ой-өрістерін кеңейте алады, өз елінде де, ғаламшардың ең шалғай бұрыштарында да әдемі және қызықты жерлер туралы біле алады. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігімен және "Kazakh Tourism" Ұлттық компаниясымен ынтымақтастықтың арқасында платформа #ГидПоКазахстану ауқымды жобасын іске қосты. Қазіргі уақытта бастаманың тегі бойынша еліміздің кең аумағына саяхаттауға шабыттандыратын 24 мыңнан астам бейнероликтер жарияланды.

Бұл жобаны дамытуға белсенді креатор саяхатшылар көмектеседі. Айбар Төлеубек @aibar_toleubekov – солардың бірі. Оның Қазақстан бойынша жасаған автосаяхаттары оның саяхаттарын қуана бақылайтын мыңдаған жазылушылардың назарын аударды. Біздің редакциямызға берген сұхбатында Айбар Қазақстан бойынша қалай саяхаттай бастағаны, сондай-ақ платформаның көмегімен басқаларды туған жердің мәдени және табиғи байлығымен танысуға және ашуға шабыттандырғаны туралы айтып берді.

- Сіз Қазақстан бойынша қалай саяхаттай бастадыңыз және TikTok-та сапарларыңыз туралы контентпен қай уақытта бөлісуді шештіңіз?

- Менің осыдан 3-4 жыл бұрын Қазақстанда саяхаттауға және ішкі туризмді танымал етуге деген ниетім пайда болды. Мен әрқашан еліміздің табиғатының алуан түрлілігі мен сұлулығына тәнті болатынмын және қазақстандықтардың мұны өз көздерімен көруін қаладым. Қысқа бейне роликтер форматы осылайша, контентті жанды және интерактивті ете отырып, керемет пейзаждар, мен саяхат кезінде туындауы мүмкін қиындықтарды көрсетудің тамаша құралы болды.

- Сіздің жазылушыларыңызға көбінесе не ұнайды?

- Мен өзім үшін автокөлікпен саяхаттау форматын таңдадым. Бұл жай ғана А нүктесінен В нүктесіне өту емес, әр жердің атмосферасына ену, ең күтпеген жерлерде тоқтап, елдің жасырын бұрыштарын зерттеу мүмкіндігі. Менің жазылушыларым бұл форматты жақсы көреді, себебі ол Қазақстанды танымал туристік бағыттардың призмасы арқылы емес, аз танымал және тіпті, зерттелмеген жолдар арқылы көруге мүмкіндік береді. Көрермендер де осындай туризмнің ерекшеліктерін қадағалағанды ұнатады. Мен елді толық аралаймын деп жоспарлап отырмын, және адамдарды Қазақстанды жаңа қырынан ашуға шабыттандырғаныма қуаныштымын.

- Табиғатта жабайы жануарларды – аюларды, жабайы қабандарды және басқаларын қалай түсіріп жүргеніңіз туралы айтыңызшы?

- Түркістан облысының Түлкібас ауданында орналасқан Ақсу-Жабағылы мемлекеттік қорығында мекендейтін қоңыр аю мен түсіріп алған алғашқы жабайы жануар болды. Бұл мен үшін ерекше жұмыс.

Айта кететін жайт, жабайы жануарларды түсіру біздің заңнамамен қатаң реттеледі. Арнайы құжаттар мен рұқсаттарды алу көптеген қиындықтар туғызды, бірақ біз оны ұзақ қашықтықтан сапалы кадрлар түсіруге мүмкіндік беретін дронның көмегімен түсіре алдық. Сонымен қатар, мен бірнеше басқа қорықтарға бардым, ол жерде Қызыл кітапқа енгізілген жануарларды арнайы рұқсатпен түсірдім.  

Мен өзімнің түсірілімдерімді кең аудиториямен бірегей сәттермен бөлісу үшін платформада жиі жариялаймын, бұл маған жабайы табиғаттың сұлулығын көрсетіп қана қоймай, жануарларды қорғау мәселелеріне және табиғи ресурстарды сақтаудың маңыздылығына назар аударуға мүмкіндік береді.

- Қазақстанда туризмді дамыту үшін платформаның мүмкіндіктерін және жалпы #ГидПоКазахстану бастамасын қалай бағалайсыз?

- #ГидПоКазахстану бастамасы - туристік мүдделерді заманауи технологиялармен қалай ұштастыруға болатынының тамаша үлгісі. Бұл бастама өз жаңалықтарымен бөлісетін, Қазақстанның танылымы аз, бірақ қызықты жерлері туралы әңгімелейтін, басқаларды саяхаттауға шабыттандыратын адамдар қауымдастығын құруға көмектеседі.

Бұл мен үшін ішкі туризмді дамытудың зор әлеуеті болып табылады. Адамдар шынайы оқиғаларды, бағыттарды көре алады және басқа саяхатшылардың тәжірибесі арқылы жаңа орындарды ашуға мүмкіндік алады.

- Бүкіл Қазақстанды көруді армандайтын саяхатшыларға қандай кеңес бере аласыз?

- Мен саяхаттауға қызығушылық танытқандарға тек бағыттың өзіне ғана емес, сапарда сіздің жаныңыздағы адамдарға да ерекше назар аударуға кеңес беремін. Жаныңыздағы адамдардың сізді қолдағаны, ынталандырғаны және көмектескені маңызды. Жоғарыда айтқанымдай, сапарды алдын ала жақсылап жоспарлап, тәжірибелі достарыңызбен бағытты талқылау және нақты саяхат жоспарын жасау керек. Сондай-ақ, егер сіз белгілі бір өңірді таңдасаңыз, ол туралы әлеуметтік желілер немесе Google арқылы мүмкіндігінше көбірек ақпарат жинаңыз. Мысалы:

Онда қандай қызықты орындар бар?

Мысалы, егер сіз Алтын Емел қорығына барғыңыз келсе, Жетісу өңірі туралы көптеген пайдалы ақпарат пен кеңестер беретін VisitZhetysu ақпараттық орталығына хабарласуға болады.

Сондай-ақ, жаңа жерлерді ашып, жаңа нәрселерді көруден қорықпаңыз. Саяхат бұл әдемі пейзаждар туралы ғана емес, сонымен қатар адамдармен қарым-қатынас жасау, мәдениет пен тарихпен танысу тәжірибесі туралы.

EL.KZ
Бөлісу: