Қазақстандағы жылу желілерінің 53%-ы тозған

13 Мамыр, 17:30 612

Еліміздің алты облысында жылу желілері әбден тозған. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, шамамен 7 мың шақырым құбыр ауыстырылуы керек. 

 

Олардың орташа тозу деңгейі – 53%, шамамен 7 мың шақырым ауыстыруды қажет етеді. Жылу желілерінің жоғары тозу деңгейі – Павлодар (Екібастұз – 91%, Павлодар – 83%), Ақмола (Степногорск – 82%, Атбасар-76,5%), Солтүстік Қазақстан (Петропавл – 74%), Қостанай (Арқалық – 68%, Рудный – 68%), Маңғыстау (Ақтау – 71%) және Қарағанды (Теміртау – 67%) облыстарында, - деп атап өтті министр Үкімет отырысында.

Қанат Шарлапаевтың сөзінше, президенттің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес, 2030 жылға дейін жылу желілерінің тозуын 43%-ға төмендету керек.

Бұл көрсеткішке қол жеткізу үшін жыл сайын шамамен 350 шақырым жылу желісін жөндеу қажет. Қаржылық қажеттілік – жылына шамамен 250 млрд теңге. 2023 жылы барлық қаржыландыру көзі есебінен 336 шақырым жылу желісі жаңғыртылды (175 млрд теңге), - деді ол.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: