Қазақстандағы қылмыскерлердің 80%-ы жұмыссыздар – ІІМ

26 Сәуір 2023, 12:20 803

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлқайыров Қазақстандағы қылмыстарды көбіне қандай санаттағы азаматтар жасайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қылмыс деңгейіне 250-ден астам фактор әсер ететіні ғылыми дәлелденген. Олардың қатарында әлеуметтік, экономикалық, географиялық, көші-қон, табиғи, демографиялық және басқа да жағдайлар бар, - деді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары

Спикер ұсынған ақпаратқа сәйкес, мына санаттағы қазақстандықтар жиі қылмыс жасайды:

- қылмыскерлердің 80%-ы жұмыссыздар;

- жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың 47%-ын еш жерде жұмыс істемеген немесе оқымағандар жасайды;

- адамның жеке басына қатысты қылмыстардың 50%-ы мас күйде жасалады;

- елордада қылмыстың тең жартысын өзге аймақтардан келгендер жасайды.

Ренат Зұлқайыровтың айтуында, бұл мәселелерді тек күш қолдану шараларымен шешу мүмкін емес. Сондықтан «Қоғаммен бірге қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасы» әзірленуде.

Равиль Ашығали
Бөлісу: