Қазақстандағы отбасылық демалыс туралы үздік контентке байқау жарияланды

10 Маусым, 17:34 703

«Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты мен Kazakh Tourism Қазақстанда отбасылық демалысқа арналған конкурстың басталғаны туралы қуана хабарлайды. Байқау Қазақстанның табиғи және мәдени көрікті жерлерін көрсетуге, сондай-ақ еліміздегі тартымды жерлер туралы шығармашылық контент ұсынуға арналған, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі. 

Байқауға қатысушылар Қазақстанда өздері барған, отбасылық демалысқа сай деп тапқан жерлер туралы өз әсерін және әңгімесін бөлісуге тиіс. Байқауға мәтіні жазылған фотосуретпен де, белгілі бір жердің артықшылықтары мен аталған туристік орынға не үшін бару керек екенін көрсететін бейнематериалмен қатысуға болады.

Байқаудың негізгі шарттары:

Жеңімпазды «Шымбұлақ» командасы ең қызық және ерекше локация үшін және ойын сауатты жеткізе алғанына қарап анықтайды. Барлығы үш жеңімпаз болады, оларға мынадай сыйлықтар табысталады:

  1. Бірінші орын – Iphone 15 Pro Max смартфоны
  2. Екінші орын – спорттық дүкенінге 300 000 теңгеге сертификат
  3. Үшінші орын – 100 000 теңге көлемінде қаржылай марапат

Байқауға қатысуға болатын соңғы күн – 11 маусым сағат 12:00-ге дейін.

Байқауда бақ сынап, Қазақстанды бізбен бірге ашыңыз. Сіздің отбасылық саяхатыңыз @kidsgofreekz-тен басталады.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: