Қазақстандағы ономастика жұмыстарын орталықтандырады

29 Мамыр, 16:42 602

Мәдениет және ақпарат министрлігі «Өңірлік ономастика мәселелері» атты өңірлік семинар ұйымдастырды. Кездесу барысында «Тарихи тұлғалар», «Жер-су атаулары» және «Дәстүрлі атаулар» сынды тізімдер және өзгерістер мен толықтырулар енгізілген әдістемелік ұсыныс талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ қатысушылар ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, республикадағы жаңартылған ономастикалық атаулардың халық арасында кеңінен қолданылатын карталарға (Yandeх, 2GIS), новигациялық құралдардағы ономастикалық атауларды біріздендіруге, идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулары бар елді мекендер мен оларды өзгерту мәселелерін қарады.

Министрлік Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында республикалық жұмыс тобын құрып, жергілікті әкімдіктермен бірлесіп бірқатар шараларды жүзеге асырды. Жұмыс тобының мүшелері еліміздегі белгілі институттардың ғалымдары және Орталық мемлекеттік архив мекемесімен бірге қолданыстағы тізімдерді қайта пысықтады. Тізімдер түрлі салалар бойынша топтастырылды, – деді ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Ербол Әліқұлов.

Сондай-ақ ҚР МАМ өңірлік деңгейде ұлықталатын тарихи тұлғалар тізімін жеке бөлімге бөлді. Жалпы алғанда тізім 697 адам қосылды, оның 463-і республикалық деңгейде, ал 234-і өңірлік деңгейдегі тұлға. «Қасиетті Қазақстан» зерттеу жұмыстарының жинағы талданып, нәтижесінде тарихи маңызы бар 100-ден аса жер-су атауының тізімі жасалды. Топонимдердің тізімі 502 атауға жетті.

 Жиын соңында қатысушылар өңірлердегі ономастика қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстарын ортаға салды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: