Қазақстан үкіметі медициналық туризмді дамытуға ерекше көңіл бөліп, бұл саланы экономиканың маңызды бағыты ретінде қарастырып отыр. Медициналық инфрақұрылымды жетілдіру, білікті мамандарды даярлау және заманауи технологияларды енгізу арқылы еліміз шетелдік пациенттерді тартуды мақсат етілген. El.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі елімізде қандай сапалы, қауіпсіз әрі қолжетімді медициналық көмек алуға болатыны жайлы зерттеп, Қазақстандағы медициналық туризмнің дамуына тоқталып өтті.
Медициналық туризмнің дамуына әсер еткен негізгі факторларға тоқтала кетсек.
Шетелдіктер Қазақстанда қандай медициналық қызметтерді таңдайды?
Қазақстанға емделуге келетін шетелдіктер көбіне келесі медициналық қызметтерді таңдайды:
Қазақстанда экстракорпоралдық ұрықтандыру (ЭКҰ) технологиясы жақсы дамыған. Жергілікті клиникаларда батыс елдеріндегі әдістер қолданылады. Артықшылығы - бағасы әлдеқайда төмен. Сол себепті Қазақстанға Ресей, Қытай, Өзбекстан және Түркиядан көптеген жұптар келеді.
Стоматологиялық қызметтер Қазақстанда өте танымал. Имплантация, тіс емдеу, ортодонтия және протездеу жұмыстары шетелдік пациенттер үшін сапалы әрі қолжетімді. Сондай-ақ, пластикалық хирургия мен косметология қызметтері ерекше сұранысқа ие.
Қазақстанда жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеу бойынша ірі орталықтар жұмыс істейді. Шетелдік пациенттер жүрекке ашық және лапароскопиялық ота жасатуға келеді. Сонымен қатар, онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау және емдеу орталықтары да шетелдіктердің қызығушылығын тудырады.
Оңтүстік Корея, Германия және Израильмен салыстырғанда Қазақстанда буындарды протездеу және қалпына келтіру операциялары әлдеқайда арзан. Бұл қызмет түрлері көбінесе Ресей, Қытай және Еуропа елдерінен келетін туристер арасында танымал.
Медициналық туризмнің Қазақстан экономикасына әсері
Медициналық туризм Қазақстан үшін қосымша табыс көзіне айналып келеді. Шетелдік пациенттер ем қабылдап қана қоймай, қонақүйлерде тоқтайды, туристік нысандарды аралайды, жергілікті кәсіпкерлердің қызметтерін пайдаланады. Бұл өз кезегінде экономиканың әртүрлі секторларына оң әсер етеді.
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі мен туризм саласындағы мекемелер бұл бағытты дамыту үшін арнайы бағдарламалар қабылдауда. Кейбір клиникалар шетелдік пациенттер үшін арнайы пакеттер ұсынып, емдеу курсын мәдени-туристік бағдарламалармен біріктіреді.
Қазақстандағы медициналық туризмнің болашағы
Медициналық туризм Қазақстанда қарқынды дамып келеді. Бұл саланы одан әрі жетілдіру үшін келесі қадамдар маңызды саналады:
Айта кету керек, медициналық туризм – елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының болашағы зор бағыттарының бірі. Оны дамыту, бірінші кезекте, туристік ағынды арттыруға, ел астанасына және жалпы республикаға келетін туристер санын көбейтуге, денсаулық сақтауды жақсартуға, медициналық қызметтердің сапасын арттыруға ықпал етеді.
Шетелден келетін қонақтардың 90%-ы ТМД елдерінің азаматтары – Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан. Қалған 10% - Қытай, Иран, Беларусь азаматтары.
Қазақстандағы медициналық ұйымдардың негізгі артықшылықтары - заманауи медициналық технологиялар мен жаңа объектілерге қолжетімділік, сапа стандарттары, медициналық қызметтердің қолжетімді бағасы, ТМД елдерінің азаматтары үшін тіл кедергісінің жоқтығы, дамыған туристік инфрақұрылымның болуы.
Баға қалыптасуы бойынша салыстырмалы талдау жасайтын болсақ, Қазақстандағы жүрек шунттау хирургиясы АҚШ-қа қарағанда 80 есе арзан, Сингапурдан 11 есе арзан.
Қазіргі таңда Астанада халықаралық JCI аккредитациясына ие 7 клиника бар. Ол медицинада «алтын стандарт» болып табылады:
Айта кету керек, Қазақстан медициналық туризмнің жаңа орталығына айналуда. Елдегі жоғары білікті дәрігерлер, заманауи клиникалар және қолжетімді бағалар шетелдік пациенттер үшін тартымды факторлар болып отыр. Егер Қазақстан медициналық қызметтерін халықаралық деңгейде жарнамалап, медициналық инфрақұрылымды дамытуға инвестиция салуды жалғастырса, алдағы жылдары бұл сала ел экономикасының маңызды секторына айналуы мүмкін.