Қазақстандағы медиана жалақы - 225 736 теңге

6 Мамыр 2023, 00:11 1003

Ұлттық статистика бюросы биылғы 4 айдағы көрсеткіштерді жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстан бойынша атаулы жалақының орташа мәні (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда) 2023 жылғы I тоқсанда 340 636 теңге болды. 2022 жылмен салыстырғанда өсім 19,3%, ал нақты мәнде 0,6%-ға төмендеді. 

Медиана жалақы (жалақы қатарының орталық деңгейі) 2023 жылғы І тоқсандағы бағалау бойынша 225 736 теңге болды. 

Еңбек ету саласы бойынша бөліністе ең жоғары жалақы мөлшері тау-кен өндіру саласында – 766 555 тг, одан кейін қаржы және сақтандыру секторында – 602 114тг. Үздік үштікте ақпарат және байланыс саласын, мұндай айлық – 541 218тг. 

Орташа жалақының ең төменгі деңгейі сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау және өңдеу саласында, яғни 201 884 тг. Сондай-ақ ауыл, орман және балық шаруашылығында – 179 388 теңге. 

Атаулы мәнде ең үлкен жалақы мөлшері Атырау облысында – 618 420 теңге, ең төменгі жалақы СҚО-да – 241 102 теңге. 

Перизат Саденова
Бөлісу: