Қазақстандағы Корея елшілігі «Friends of Korea» ұйымына іріктеу өткізеді

20 Қараша 2023, 19:40 1386

Елордада «Friends of Korea» еріктілер ұйымы Қазақстандағы Корея Республикасының Елшілігінің қолдауымен «Достық фестивалі-2023» іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды El.kz елшілікке сілтеме жасап.

Бұл шара Корея мен Қазақстанның дәстүрлі және заманауи мәдениетімен танысу алаңына айналды, онда М. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің «HANGYU» және «MNU Orchestra» би үйірмелері, KILS халықаралық колледжінің “K-Pop Dance Club” би тобы, Назарбаев университетінің вокалдық клубының мүшелері, қазақстандық K-POP “Инблис” би клубы мен «Нанта» корей жастар клубы қатысқан. 

Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Чжо Тэ-ик өзінің құттықтау сөзінде 2022 жылы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығы құрметіне біздің елдеріміз былтырғы және биылғы жылдарды “Өзара мәдени алмасу жылдары” деп жариялағанын, осыған байланысты түрлі қоғамдық дипломатия мен корей мәдениеті шаралары өткізіліп жатқанын атап өтті. 

Әрі қарай, елші Чжо Тэ-ик Корея мен Қазақстан тілге, мәдениетке және тарихқа қатысты бір-бірін терең түсінетін және сенетін нағыз дос болады деген үмітін білдірді. Сондай-ақ, ол екі ел арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынастар нығая түсетінін және “Ағаш тамырымен мықты, адам досымен мықты” деген қазақ мақалын айтты. 

Friends of Korea ұйымын 2019 жылы қарашада Қазақстандағы Корея Республикасы елшілігі құрған. Бұл Астанадағы корей мәдениетін сүйетін университеттік клубтардың біріккен қауымдастығы.

Сондай-ақ, Корея елшілігі Корея мәдениетіне қызығушылық танытатын адамдар арасында тығыз қарым-қатынас орнату үшін, сондай-ақ Корея мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында 2024 жылдың басында Корея елшілігінің «Friends of Korea» ұйымына еріктілікке үшінші іріктеу жүргізілетінін хабарлады.

EL.KZ
Бөлісу: