Қазақстандағы халықаралық автобустардың 84 % тозығы жеткен – депутат

23 Қазан, 16:12 370

Қазақстандағы халықаралық автобустардың 84 %-ы тозығы жеткен. Бұл туралы мәжіліс депутаты Анас Баққожаев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Марат Кәрімжанұлы, «Ауыл» партиясының бір арманы – Қазақстанда туризмді дамыту. Сіз шетелде болып жүрсіз ғой, туризмді көріп жүрсіз. Онда көліктің ықпалы өте жоғары. Екі қабатты автобустар жүреді, комфорт таксилері бар. Біздің Қазақстанға қарасаңыз, автобустардың көбісінің тозығы жеткен. Астана қаласы маңындағы базардағы автобустардың өзіне қарап, соны түсінуге болады. Халықаралық деңгейде жүретін автобустардың  84%-ның тозығы жеткен. Облысаралық автобустарда бұл көрсеткіш – 68%. Автобус паркін қалай жаңартасыздар? Екіншіден, өзін-өзі реттеу ұйымдары дамысын. Нотариустардың, адвокаттардың палатасы бар. Бірақ мал шаруашылығында палаталар пайда болғаннан кейін бір мәміле жоқ, жан-жаққа тартып, палатаның бәрінің быт-шыты жоқты. Палатаға көзқарасыңыз қандай?, - деді мәжілісмен.

Көлік министрі Марат Қарабаев осыдан екі жыл бұрын «Жасыл даму» арқылы үлкен бағдарлама басталды, соның шеңберінде қалалық қатынастардың арасында 3 мыңға жуық автобус жаңартылғанын атап өтті. Нәтижесінде қаладағы автобустың тозу деңгейі 52 %-дан 33%-ға дейін төмендеді.

Айта кетейік, Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жолаушыларды автомобильмен тасымалдау саласындағы кейбір мемлекеттік функцияларды міндетті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттеуге беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда талқылады.

Миражан Махан
Бөлісу: