Қазақстандағы еңбек нарығында қандай өзгеріс бар?

26 Маусым 2023, 15:11 1307

Халықтың жұмыспен қамтылуын зерттеу деректері бойынша 2023 жылдың I тоқсанында Қазақстан экономикасының түрлі салаларында 9 млн адам жұмыспен қамтылған.

2022 жылдың I тоқсанымен салыстырғанда жалпы жұмыспен қамту 250,8 мың адамға, негізінен жалдамалы жұмыскерлердің 197,7 мың адам есебінен өсті, сонымен қатар өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 53,1 мың адамға өскен.

Жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлесі сауда саласында - 17,2%, білім беру 12,9% және өнеркәсіп 12,6%, ауыл шаруашылығы 11,5% байқалды.

Жұмысқа жарамсыз адамдардың үлесі 31,7%-ды құрады.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: