Сәнді, үйлесімді киіну де үлкен өнер. Бүгін біз халықтың көңілінен өнерімен шығып қана қоймай, стилімен де ерекшеленіп тұратын жұлдызды жұптар жайлы жазбақпыз.
Баян және Тұрсен Алагөзовтерді көпшілік әдемі ғана емес, сәнді жұп деп те біледі. Баян Мақсатқызы қымбат брендтердің соңғы үлгідегі киімдерін үйлесімді етіп киіп, оны аксессуарлар және көзілдіріктермен толықтырады. Баян Мақсатқызы да, Тұрсен Алагөзов те өзгелер арасында ерекшеленуден қорықпайды.
50 жасқа таяған танымал продюсер ұзын көйлектерді де, қысқа белдемшелерді де өзіне жарасымды етіп кие алады. Ал оның жолдасы классикалық жанрдағы костюмдермен қатар кэжуал стилінде де киінеді.
Биылғы көктемде ғана шаңырақ көтерген Ерке мен Раим да үнемі назарда жүретін жұп. Тиісінше екеуі де жанкүйерлерінің көңілінен шығуға тырысады. Бірақ жас жұбайлар әзірге бірге түскен суреттерін желіге көп жүктемейді.
Еліміздің танымал режиссері және «Замандас» подкастының авторы Қанат Бейсекеев еркін стильге баса мән береді.
Сурет: elle.com.kz
Қанат сәнді кроссовкалар, кең жейделер мен шалбар, ерекше принттері бар худилер кисе, оның жұбайы минимализмді құп көреді.
Ninety One тобының солисі Alem өмірде де жарқын образдар таңдайды. Кең пиджактар мен шалбарлар, түсі ерекше аяқ киімдер әншінің гардеробында көптеп кездеседі.
Ал блогер әрі модель Вероника Жанғалова – еліміздегі сәнді инфлюенсерлердің бірі. Бойжеткен классиканы да, оверсайз стильді де қатар алып жүреді.
Осыдан бірер күн бұрын ғана отау құрған Akha мен Аиша да көпшіліктің көңілінен сәнді жұп ретінде шыққан.
Akha лақап атымен танымал композитор әрі әнші Ахмет Өсербек негізінен кэжуал стилінде киінсе, оның жары блогер Аишаны нәзік әрі батыл образдарда қатар көруге болады.
Танымал стендапер Нұрлан Сабуров пен оның жары Диана елімізде ғана емес, ТМД елдеріндегі ең стильді жұптардың бірі. Бойшаң жарының жанында Диана қашан да нәзік әрі ерекше сүйкімді көрінеді. Сахнада классикалық киім үлгісін таңдайтын Нұрлан өмірде спорттық образдарға басымдық береді.
Ал Диана ерекше киім үлгісінен бөлек аксессуарларға да назар аударады. Түсі бөлек қолдорбалар, шарфтар мен көзілдіріктер таңдаудан қорықпайды.
Бұл екеуі құдды романтикалық фильмдердің кейіпкерлері секілді. Жұрт алдына қол ұстасып шыққан әр образы жұрттың назарынан тыс қалмайтыны анық. Актер де, оның жұбайы да минимализмді ұстанады.