Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылғы тамызда айлық инфляция деңгейі 0,7% құрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тұтыну бағаларының индексі бір айда баяулап, 2023 жылғы маусымда 0,5% құрады (ағымдағы жылғы мамырда – 0,6%). Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы – 0,7%, ақылы қызметтер – 0,6%, азық-түлік тауарлары 0,2% өсті, - делінген мәліметте.
Сонымен қатар әуе жолаушылар көлігі қызметтері 9,6%, кешенді демалыстарды ұйымдастыру – 8,8%, санаторийлер қызметтері – 6%, тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсету бойынша қызметтер – 1,6%, қоғамдық тамақтандыру қызметі – 1,4%, денсаулық сақтау қызметі 0,9% өсті.
Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарында тіркелсе – 0,9%-дан (орташа республикалық деңгейден 0,4 п.т. жоғары), ең төменгі көрсеткіш Ақтөбе облысында тіркелген – 0,1%. Тұтыну бағаларының индексі бір айда Шымкент қаласында 100% құрады.
Өңірлер бойынша ең жоғары азық-түлік тауарларының бағалары Ұлытау облысында – 1,3%, азық-түлік емес тауарлары Астана қаласында – 1,3%, ақылы қызметтер Солтүстік Қазақстан облысында 1,4% өсті.
Айлық инфляция құрылымы:
Ақылы қызметтер – 1,9%
су бұру – 18%
суық су – 13,1%
ыстық су – 7,8%
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы – 0,5%
оқушы рюгзагы – 5,9%
балалар киімі – 2,9%
балалар аяқ-киімі – 2,9%
Азық-түлік – 0%
күріш – 2,1%
минералды, ауыз су – 1,4%
консервіленген сүт – 1,1%
жаңа піскен көкөністер – 6,1%
картоп – 4%
2023 жылғы тамыздағы жылдық инфляция деңгейі 13,1% құрады.