Қазақстанда жұмыссыздар саны азайды

13 Ақпан 2023, 17:36 2005

Бұл туралы Статистика комитеті мәлім етті

2022 жылы IV тоқсанда Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларында 9 млн адам жұмыспен қамтылды, олардың 6,9 млн-ы (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 76,7%) жалдамалы қызметкер болса, 2,1 млн адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 23,3%) өзін-өзі жұмыспен қамтушылар, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

IV тоқсанда аптасына нақты жұмыс істеген сағаттар саны орта есеппен жұмыспен қамтылғандардың біреуінде 39 сағат,     жалдамалы қызметкерлер арасында 41 сағат, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар арасында 34 сағатты құрады.

Толық жұмыспен қамтылмағандар (жұмыс көлемінің төмендеуіне, жұмыс берушінің бастамасы бойынша, сырғымалы жұмыс кестесіне және басқа да себептермен аз жұмыс істегендер) саны алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 9,9% өсіп, 268,9 мың адамды құрады.

IV тоқсанда жұмыссыздық деңгейі (ХЕҰ әдістемесі бойынша) 0,1 п.т төмендеп, 4,8% құрады.

Жұмыссыздар саны 456,1 мың адамды құрады. Жұмыссыз жүрсе де оны іздемеген немесе жұмысқа кірісуге дайын болмаған адамдар (потенциалды жұмыс күші) саны III тоқсанмен салыстырғанда 19,3% азайды және 39,5 мың адамды құрады.

EL.KZ
Бөлісу: